30 желтоқсан күні Төреғали Алматыда өткен жылдың қорытынды айтысына қатысты. Ол залда отырған көрерменнің алдында Павлодардағы оқиға үшін тағы бір мәрте кешірім сұрады.
– Сынап та, сыбап та алып жатсыздар. Ол мен үшін жігерлендіру болды. Сіздердей қолдайтын халқым, қорғайтын Алла барда мен еңсемді тіктеп ұстап жүрмеуге ешқандай хақым жоқ деп ойлаймын, ағайын! Қазақта: “Өзінің туған жерінің тасына сүрінгенімен, ер жігттің аяғы ақсамайды” деген сөз бар.
Мұның бәрі мен үшін үлкен сабақ болды.
Бұлттан биік болсам да, ұлттан биік емеспін, ағайын! Кем-кетігім болса еркелігім деп, балалығым болса шалалығым деп қабылдарсыздар. Мен сіздерді жақсы көремін”, – деген Төреғалидің сөзіне халық қол шапалақтап, қолдау көрсетті.
Елдің қошеметінен кейін өзін сенімді сезіне бастаған Төреш: “Кешіріңіздер. Бірақ кешіріп қойған сияқтысыздар, – деп күлді.
– Жаным, ағайын, мен сіздерді қатты жақсы көремін. Оны сөзбен растап, ақталмай-ақ, жүректеріңіз сезеді деп ойлаймын. Тағы да ән сұрап отырғандарыңыздан айналайын, – деп сөзін жалғаған
Төреғали бұдан кейін “Ақиқат” атты авторлық әнін шырқады.
[video width="640" height="360" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2018/01/Төреғали-текті-ұл-екенін-көрсетті-1.mp4"][/video]
https://dalanews.kz/20290