– Сатқын деген – адам баласы үшін ең үлкен күнә. Оның бірнеше түрі бар. Достың досты сатуы, қыз бен жігіттің арасындағы махаббатты кірлетіп сату, Отанды сату болып кете береді. Достар арасындағы сатқындық адам баласының жүрегіне мәңгілік сызат қалдырады. Қанша ұмытуға тырыссаң да, жадыңнан шықпайды. Осындай сатқындық кезінде менің басымнан өткен. Бірақ, достарымды күнәға қимайтындақтан, оларды сатқындар деп атай алмаймын.
Дүниеде сатқын адамдарды қатты жек көремін. Қарызға ақша алып, бермей кеткендер де бар. Бірақ, мұны сатқындыққа жатқызуға болмайды. Сол себепті, көп адамға алдана қойған жоқпын деп ойлаймын. Оларға кешіріммен қараймын. Себебі, мен де біреуден ақша алып, бере алмай жүрген кездерім болды. Қолында болып, асып төгіліп жатса, олар қарыздарын қайтаратын еді, – дейді Тоқтар Серіков.
Дереккөзі: stan.kz