DALA INSIDE телеграм арнасының хабарлауынша Тоқаевты тәубесіне түсірудің бір амалы - шантаж. Кремль идеологтары бастауын қырғыз жерінен алатын өзендердің (Шу мен Талас) шүмегін бұрап, су мәселесін саудаға салмақ. Батыспен арасы суый бастаған Жапаров билігінің Мәскеудің жетегіне еруден өзге амалы жоқ.
"Жапаров Кремльдің сөзін сөйлер болса, мұның соңы аймақтық деңгейден асып, халықаралық конфликтіге ұласады. Дамыған елдердің технологиясына сусап отырған Ресей әлгіндей саяси интригаға барудан тайынбайды. Қырғыз билігі трансшекаралық өзендерді пайдалану туралы халықаралық құқықты табанға таптаса, бұдан Өзбекстан да зардап шегеді" дейді арна дереккөзі.
Аймақ елдері үшін ауыз су тапшылығы өте нәзік мәселе. Аймақты "асырап" отырған Әмудария мен мен Сырдария секілді негізгі су артерияларының ернеуі тарылып келеді. Бұлар таяздана түссе Орта Азиядағы бес мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы да тежелері айдай анық.
Су мәселесінде Қазақстан қырғыз билігінің қас-қабағына қарауға мәжбүр. Шу мен Таластың арнасын реттеп отыратын бүкіл плотина, су қоймалары, басқа да көмекші құралдар қырғыз жерінде орналасқан.
Бұл тұрғыда көрші елге кіріптар екенімізді Мәскеу де беске біледі.
Кремльден пәрмен келсе Пішкек су мәселесін саяси саудаға салуы ғажап емес. DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Тоқаев трансшекаларлық өзендерді пайдалану мәселесін БҰҰ мінберінде сөз етуі мүмкін. Бірақ бір нюанс бар...
Толық нұсқасын осы жерден оқуыңызға болады: https://t.me/dalainside/1437
https://dalanews.kz/aimak/91935-astananyng-bas-zhosparyn-talqylau-akim