Тоқаев түркі елдерінің жастарына арнайы гранттар бөлуге дайын екенін айтты

Сағыныш Сардарова 07 қаз. 2025 16:31

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президент Қазақстан цифрландыру ісіне, соның ішінде жасанды интеллект саласын дамытуға ерекше мән беретінін мәлімдеп, толық цифрлық ел болуды стратегиялық мақсат ретінде айқындағанын жеткізді.

"Жасанды интеллектіні жаппай дамыту үшін білікті мамандар даярлауды қолға алдық. Бағдарлама аясында жыл басынан бері 400 мыңнан аса студент арнайы білім алды. Сондай-ақ, жасанды интеллект мамандарын оқытатын тұңғыш зерттеу университетін ашуды жоспарлап отырмыз. Қазақстан осы оқу ордасында білім алуға ниет білдірген түркі елдерінің жастарына арнайы гранттар бөлуге дайын", – деді Мемлекет басшысы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар