Тоқаев сыртқы істер министрін ауыстырды

Сағыныш Сардарова 26 қыр. 2025 09:10

Мұрат Нұртілеу Президенттің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Оның орнына Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар