Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасарын тағайындады

Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасарын тағайындады
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар, Азамат Бақытжанұлы Хасенов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.