Тоқаев журналист Лев Тараковтың жақын-жуығына көңіл айтты

Сағыныш Сардарова 09 сәу. 2025 18:37 655

Мемлекет басшысы белгілі журналист Лев Тараковтың жақын-жуығына көңіл айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал журналист, қоғам қайраткері, «Время» газетінің бас редакторы Лев Тараковтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

– Шығармашылық династияның талантты өкілі Лев Юрьевич отандық журналистиканың дамуына, жас мамандарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Ол әріптестері арасында зор абырой мен құрметке бөленіп, кәсібилік пен өз ісіне адалдықтың үлгісін танытты, – делінген жеделхатта.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар