Мемлекет басшысы энергетика министрін тағайындады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының энергетика министрі лауазымына тағайындалды.
Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әділет жоғары құқық мектебін және Астана университетін тәмамдаған.
Ол 2023 жылы энергетика вице-министрі болып тағайындалды. Ал 2025 жылы энергетика министрі лауазымына тағайындалды.