Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Биыл жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өтеді. Додада 100-ден аса елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды.
Сайыстың 43 түрінен, соның ішінде қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады.
Қазақстанның атынан 150-ден аса спортшы сынға түседі. Отандастарымыз 43 спорт түрінің барлығынан өнер көрсетеді.