Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қолбасшыларды ауыстырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
- Махсут Курманалиевич Гусейнов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Бағлан Әбдіжәлелұлы Өсербаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
