Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада тағайындаулар жүргізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Әлихан Қайыргелдіұлы Жамсатов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.