Төлебиде ғұмырларын еңбекке арнаған әулеттің өнегесі көпке үлгі

Жарбол Кентұлы 29 қыр. 2024 19:51 1458

Төлеби ауданында ҰОС ардагері Отарбай Есболовтың әулеті түгелдей еңбек адамдары. Олардың еңбек өтілі жүз жылға жуықтайды. Әулеттің үлкендері өткен ғасырдың 47 жылдары білім саласында еңбек ете бастаған.

Әулеттің екінші буын өкілі Шырынбек Есболов білім саласында жарты ғасырға жуық еңбек етіп, мектеп ұжымын басқарып,саналы ұрпақ тәрбиелеген. Бұл күнде Төлеби ауданының Құрметті азаматы. Үшінші буын өкілі Отарбай Нұрлыбек М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң ұлағатты ұстазы, ғылыми дәрежелі PhD докторы.

Еліміздің білім және ғылым саласына сүбелі үлес қосумен қатар, спорт, мәдениет, қайырымдылық іс шараларда да аянбай атсалысып жүр. Әулеттің немерелері Шырынбек Шұғыла, Шырынбек Балауса да педагогика мамандығын таңдап, білім гранты иегерлері, Астана қаласындағы Гумилев атындағы ЕҰУ-дің студенттері.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар