“Позорымыз патрондай шашылып жатыр, жағдай - Жапония, қысқасы.
Мен, спортшылармен, олардың туған-туыстарымен араласып, сөйлесіп жүремін. Еститінім - жемқорлық спортта да бар. Жемқорлықсыз мекеме, жылы орын қалмады-ау?!
Токиода Олимпиада өтіп жатқанын білесіздер ғой? Әзірше, қоладан аса алмай жатырмыз. Алтын арман болып қалмаса.
Өз басым, талантты спортшы, әсіресе, боксшы қалмады дегенге сенбеймін. Бар! Оларда тек, тамыр-таныс жоқ! Ал, “турист” болып барғандар, Токионы көріп-қызықтап, сіздер мен біздердің ақшаларымызды беймарал шашып, елге қайтып жатыр біртіндеп. Жарықтықтар-ай. Ұят- ай. Спортты басқарып отырғандар, намыс қайда?! Қайда қарап отырсыңдар?! Орындарыңды босатыңдар!!!”, - деп жазды Түсіпбаева әлемжелідегі парақшасында.
28 шілдедегі нәтиже бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиада ойындарынан үш қола медаль бар. Оны дзюдошы Елдос Сметов мен ауыр атлеттер Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон ұтып алды.
Алтын алады-ау үміт күткен біраз спортшылар күптеген жерден сүрініп, жарыс жолынан шығып қалды.
Бүгін қазақстандық атлеттердің екінші легі Токиоға ұшып келді. Олар қатарында палуандар мен жеңіл атлеттер бар.