TikTok-та 12 мың қаралым жинаған тікелей эфирдің соңы қамаумен аяқталды

TikTok-та 12 мың қаралым жинаған тікелей эфирдің соңы қамаумен аяқталды
видео кадры

Абай облысында полицейлер мониторинг барысында TikTok желісіндегі тікелей эфирді анықтады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Эфир барысында әйел адам былапыт сөздер айтып, ішімдік ішіп отырғанын әдейі көрсеткен және айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

"Тікелей эфирді шамамен 12 мың адам көрген. Полиция қызметкерлері құқықбұзушылық жасаған әйелді анықтады. Ол Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны болып шықты", - деп жазылған хабарламада.

Сот әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, жасына байланысты бес тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.