TikTok қазақша сөйлей бастады

Dalanews 17 қаң. 2023 13:38 1018

Қысқа видеолар жариялайтын танымал әлеуметтік желі TikTok-тың қосымшасы үнемі қолданушыларға ыңғайлы әрі қолжетімді болып келуға тырысауда. TikTok өкілдері қазіргі уақытта қазақ тілінде де қолжетімді екенін айтып, қолданушыларды қуантты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Қазақ тілін таңдау опциясы Android және iOS құрылғыларына арналған қосымшаның соңғы жаңартылуында пайда болды.

Интерфейсті оқшаулау TikTok-тың ірі қазақ тілді қауымдастығының платформаны пайдалануын айтарлықтай жеңілдетеді.

Бұған дейін де платформа платформада қандай контент орналастыруға болатынын және неге тыйым салынатынын түсіндіретін TikTok қауымдастығының қазақ тіліндегі ережелерін жариялаған болатын.

 

TikTok қосымшасында интерфейс тілін кез келген уақытта өзгертуге болады. Тіл баптауларын өзгерту үшін:

  1. Төменгі оң жақ бұрыштағы «Профиль» түймесін басыңыз.

  2. Баптауларды ашу үшін жоғарғы оң жақ бұрыштағы үш жол белгішесін түртіңіз.

  3. «Параметрлер және құпиялылық» түймесін басыңыз.

  4. «Қолданба тілі» түймесін түртіңіз.

  5. Тізімнен қазақ тілін немесе басқа тілді таңдаңыз.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар