«ТемірПром XXI» компаниясы тұрғындардың үйлерін жөндеп, халықпен ынтымақтасып жұмыс істеуде

Dalanews 02 қыр. 2020 03:15 886

Алматы қаласында жаңа құрылыстарды бастағанда бірқатар мәселелер туындайтыны жасырын емес. Өйткені қаланың байырғы тұрғындары көнеден келе жатқан ғимараттарға қандай да бір зақым келе ме деп алаңдаушылық танытуы заңдылық. Осы жайтты басшылыққа алған «ТемірПром XXI» ЖШС өкілдері өздеріне тапсырылған құрылыс пен жобаны бастамай тұрып, бірінші кезекте құрылыс жұмыстары жүретін маңдағы үйлердің тұрғындармен сұхбаттасып, қоғамның мүдделерін ескеріп, Алматы сияқты алып мегаполисте сапалы тұрғын үй салуға болатынын нақты іспен дәледеп көрсетіп келе жатқан санаулы компаниялардың бірі.

Бүгінде компания үшін маңызды жобалардың бірі – Бөгенбай батыр мен Назарбаев даңғылының қиылысында орналасқан «Алмалы» метро станциясы маңындағы босаған алаңда екі жаңа құрылыс нысанын салудың маңызы зор болып тұр.

– Мен әрқашан біздің үйдің тұрғындары арасында белсенділік танытамын. Үйіміздің айналасында не болып жатқаны мен үшін аса маңызды. Өйткені мен мұнда қырық жылдан бері тұрып келемін, – дейді Назарбаев даңғылының бойындағы №112 үйдің тұрғыны Геннадий Гусынин. – Біз тұрып жатқан үй ұзақ жылдардан бері жөндеу жұмыстарын қажетсініп келген еді. Әсіресе кәріз жүйесі, жертөлелер мен кіреберістердің жағдайы тым нашар-тұғын. «Темір Пром XXI» өкілдері 2020 жылдың наурыз айында бізбен кездесуінде болашақ құрылыс жұмыстары кезінде орын алатын қолайсыздықтар үшін бізге қандай көмек көрсете алатындарын сұрады. Сол кезде біздер үйімізге біраз жөндеу жұмыстары керек екенін айттық. Компания басшылығы сөзге келместен бізге көмек көрсетуге келісті. Бүгінде «Темір Пром XXI» серіктестігінің өкілдері сөздерінде тұрып, үйдің кәріз жүйесін, кіреберісін және жертөлені жөндеп, ескірген электр жүйесі толығымен ауыстырып берді. Егер осы жұмыстарды өзіміз атқарсақ, бірінше миллион теңге жұмсайтын едік. Бұдан басқа үймізге жаңа кіреберістер орнатып, ауланы көгалдандырды,  – деп Геннадий Гусынин ризашылығын білдірді.

SABA GROUP KZ компаниялар тобына кіретін «ТемірПром XXI» ЖШС үшін әлеуметтік жүктеме, болашақ құрылыс орындарының жанында тұратын халықпен диалог орнату – қазір компания жұмысының маңызды бөлігіне айалып отыр.

Компания өкілінің пікірінше, орталық аудандардың тұрғындары өз үйлерінің жайлылығы мен эстетикасын бағалай білетін, Алматы тұрғындары заманауи бизнес-үрдістерді осылайша түсінуі маңызды.

– Біздің компания құрылыс нысандарының айналасын абаттандыруға айрықша көңіл бөледі. Айналамыздағы аулаларды абаттандырып, тұрғындардың көпжылдық мәселелерін шешкенде жұмысымыздың нәтижесін көріп қауанып қаламыз. Жергілікті тұрғындар қарапайым әлеуметтік артықшылықтарға – таза кіреберістерге, құрғақ жертөлелерге лайық. Көптеген ғимараттар ондаған жылдар бойы өзгеру мүмкіндігін күтуде – бұл қасбеттерді жөндеуге және инженерлік желілердің жағдайына қатысты. Ал жергілікті билік органдары ауқымды жұмыстарға әрдайым қаражат таба бермейді. Мұндай жағдайда көмекке біз келеміз, – деп түсіндірді SABA GROUP KZ президенті Ержан Әбдіқадыров.

SABA GROUP KZ Алматыда «Престиж», «Центральный», «Комфорт» секілді тұрғын үй кешендерімен және басқа да жобалармен танымал.

Ымыраға келу қабілеті, қызметтердің жоғары сапасы мен қолайлы бағалар – құрылыс салушының басты қасиеттері. Бұл қаситеттер арқылы құрылыс салушы ел азаматтарына әлі де әдемі ғимараттар мен жасыл аулаларды сыйлайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар