Қазақстанда азаматтарды телефон алаяқтарынан қорғау үшін ресми ұйымдардан түсетін қоңыраулар арнайы таңбаланып көрсетіледі, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев мәлімдеді.
Вице-министрдің айтуынша, жаңа жүйе арқылы банк, мемлекеттік орган немесе қызмет көрсететін компаниялардан түсетін ресми қоңыраулар кезінде телефон экранында ұйымның атауы көрсетілетін болады.
«Ресми қоңыраулар кезінде банктердің және қызмет көрсететін компаниялардың атауы телефон экранында көрсетіледі», – деді Досжан Мұсалиев.
Министрдің мәліметінше, бұл жаңашылдық азаматтарды телефон арқылы жасалатын алаяқтықтан қорғауға бағытталған.
Ресми ұйымдардың қоңырауларын таңбалауды көздейтін заңнамалық түзетулер тамыз айының соңында күшіне енеді.