Freedom Inside '26

Тәжікстанда жол апатынан 11 адам қаза тапты

Тәжікстанда жол апатынан 11 адам қаза тапты
ЖИ: Dalanews.kz

Тәжікстанның Вахдат қаласында жүк көлігі жол апатына түсіп, салдарынан 11 адам көз жұмды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, «Дулан» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Фирдавс Абдуллоевтың көлігінде алдын ала мәлімет бойынша тежегіш жүйесі істен шыққан.

Салдарынан жүк көлігі әуелі Opel Zafira автокөлігімен, кейін Toyota Prado жол талғамайтын көлігімен соқтығысқан.

Министрліктің хабарлауынша, жол апаты болған жерде жүк көлігінің жүргізушісі, Toyota Prado жүргізушісі және жеңіл көліктердегі тоғыз жолаушы қаза тапқан. Жалпы апат құрбандарының саны – 11 адам.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.