Аудандағы Бірінші Мамыр ауылында орналасқан «Болашақ Нұры» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 2017 жылы құрылған.
Шаруашылық иелігінде 200 бас ірі қара мал бар, оның ішінде сиыр саны 120 бас. Кәсіпкер 2019 жылы Ресей Федерациясы, Алтай өңірінен 60 бас сүтті бағыттағы Гольштейн-Фриз тұқымды асыл тұқымды сиыр алып келген.
Кооператив қазіргі кезде сүт өндірумен айналысады. Күніне өндірілетін сүт көлемі 1-1,5 тонна. Сүтті Шымкент қаласына өткізіп, өткізілген сүттің әрбір литріне 20 теңге субсидия алуда.
Ауданда жалпы 4 050 агроқұрылым бар. Оның 48-і өндірістік кооператив, 128-і ЖШС, 3 874-і шаруа қожалық.