Тәуекел «сұлу» сөзінің ер адамдарға қаратылып айтылмайтынын ескерте отырып, оның орнына «сымбатты» сөзін қолдануды ұсынды.
– Менің инстаграмыма жазылып жатқан пікірлердің көбі «сіз сұлусыз» деп жатады. Қазақтың сөз қолдануында ер кісіге қарата сұлу деу сәл әбестік. Ал сымбатты десеңіздер, әңгіме жоқ, – дейді Тәуекел.
Бұл ретте желі оқырмандары Тәуекелдің қазақ тілінде ойын еркін жеткізе алатындай дәрежеге жеткенін байқап қалды. Көпшілік актердің пікірімен келісті.