Әскер Бейсенов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
"Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Михайловна Савельева Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Татьяна Савельева Құрылтай депутаты болып 2026 жылғы тамызда сайланған. Оған дейін 2023 жылғы наурыздан бастап Мәжіліс депутаты болды.
2016-2023 жылдары қаржы вице-министрі қызметін де атқарған.