Алайда банк желідегі ақпаратты жоққа шығарып, тарифтер мен қызмет көрсету шарттары өзгермегенін хабарлады.
"Желіде Kaspi.kz тарифтері: Kaspi Gold-қа жылдық қызмет көрсету және оны қайта шығару құны, Kaspi Pay шарттары және басқа банктердің карталарына ақша аударғаны үшін комиссия өзгерді деген ақпарат тарады. Бұған ҚР заңнамасына сай шекті мәндер көрсетілген тарифтер туралы жаңартылған заңды құжаттың дұрыс түсіндірілмегені негіз болған", - дейді банк өкілдері.
Банк егер қандай да бір өзгеріс болса, біз бұл туралы әрдайым алдын ала және ашық түрде хабарлайтынын атап өтті.
