Тарихшы Құттыбек Әшірхан әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың сөйлеу мәнерін сынға алды

Тарихшы Құттыбек Әшірхан әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың сөйлеу мәнерін сынға алды
Құттыбек Әшірхан. Фото: видеодан кадр

Тарихшы әрі қоғам белсендісі Құттыбек Әшірхан әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың сахнадағы сөйлеу мәнеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ол журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында Тұрсынбек Қабатовтың Орал өңіріне тән кейбір сөз қолданыстарын көпшілікке кеңінен таратып жібергенін айтты.

Тарихшының сөзінше, әсіресе "айтып жатырқ", "істеп жатырқ" сияқты тіркестер әдеби тіл нормасына сәйкес келмейді.

"Тырқ” деген сөз адамның аузынан шықпайды, артынан шығады. "Неменеге тырқ-тырқ етіп, тырқылдап отырсың?" деп айтады. Ол бір анайылау сөз. Әдеби нормаға келмейді. Біз әдеби норманы сақтауымыз керек", – деді Құттыбек Әшірхан.

Ол сондай-ақ "біррез" сөзінің де дұрыс қолданыс емес екенін атап өтті.

Құттыбек Әшірханның пікірінше, оның орнына "бір рет", "қайта", "дүркін" секілді әдеби нормаға сай сөздерді қолданған жөн.