Таразда бір топ оқушы қатарласын аяусыз соққыға жыққан

Таразда бір топ оқушы қатарласын аяусыз соққыға жыққан
Фото: Криминальный Казахстан

Таразда бір топ жасөспірім қатарласын аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Криминальный Казахстан" телеграм арнасына пікір білдірген куәгерлердің сөзінше, оқушыға 4-7 жасөспірім шабуыл жасаған. Төбелесті көшеде өтіп бара жатқан адамдар тоқтатып, кейін полиция шақырған.

Алдын ала ақпарат бойынша, жанжалға қатысқандардың арасында №47 мектептің оқушылары болуы мүмкін.

Бұл жағдай жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды. Олардың айтуынша, мұндай оқиға бірінші рет болып отырған жоқ. Тұрғындар кінәлілерді жауапқа тартып, оқиғаны әділ тергеуді талап етті.

Әзірге бұл жағдайға қатысты полиция ресми түсініктеме берген жоқ.