Тарауих намазы ораза айында оқылатын құлшылық түрі. Пайғамбарымыз (с.а.у) оразада бұл намазды үнемі оқығандықтан үкімі - «бекітілген сүннет». Аталмыш намазды оразаны тұтқан да, тұтпаған да оқыса сауапқа кенеледі.
Тарауих намазын оқудың сауабы жайында Алланың Елшісі: «Кімде кім, Рамазанда сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін Тарауих намазын оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі»[40], - деген.