Таңғаларлық жағдай: Түркістан облысында ине жұтқан сәби аман қалды

Сағыныш Сардарова 29 сәу. 2026 15:51

Түркістан облыстық балалар ауруханасына түнгі уақытта жедел жәрдем қызметімен 9 айлық сәби шұғыл түрде жеткізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, сәби абайсызда ине жұтып қойған. Дәрігерлер дереу рентгенологиялық тексеріс жүргізіп, бөгде заттың нақты орналасқан орнын анықтаған.

"Түркістан облыстық балалар ауруханасының мамандары - хирург Мұхағали Темірбеков пен эндоскопист Бабыр Ырысқұлов өңеште тұрып қалған инені сәтті алды", - деп жазылған хабарламада.

Қазір баланың жағдайы жақсы. Сәби дәрігерлердің бақылауында болып, кейін үйіне аман-есен шығарылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove