Тамара Дүйсенованың орнына кім тағайындалғаны белгілі болды

Көркем Алдабергенова 14 ақп. 2025 15:46 5807

Премьер-министрдің орынбасары болып Тамара Дүйсенованың орнына кім келгені белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", делінген хабарламада. 

Осылайша Ермек Көшербаев ШҚО әкімі қызметінен босатылды. 

Ермек Көшербаев C.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1982-1988) Тарихшы, шет тілінде оқытатын тарих пәнінің мұғалімі КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (1991-04.1993) халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады, дипломат.

Мансап

• ҚазССР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы (08.1988-09.1988);

• Қазақ КСР Сыртқы істер министрінің көмекшісі (09.1988-10.1989);

• Қазақ КСР Сыртқы істер министрінің баспа және ақпарат бөлімінің бірінші хатшысы (11.1989-06.1990);

• Қазақ КСР Сыртқы істер министрінің консулдық бөлімінің бірінші хатшысы (06.1990-09.1991);

• Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Азия елдері басқармасының бірінші хатшысы (05.1993-08.1993);

• Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы (08.1993-12.1993);

• Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бөлім меңгерушісі (12.1993-06.1994);

• Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты (06.1994-01.1996);

• Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы (01.1996-04.1996);

• Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Швейцария Конфедерациясы Берн қ. (04.1996-08.1997);

• Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімнің басшысы (08.1997-10.1997);

• Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі (10.1997-11.1999);

• "Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры" қоғамдық қорының коммерциялық және жалпы сұрақтар бойынша директорының орынбасары (01.2000-05.2000);

• "Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры" қоғамдық қоры директорының бірінші орынбасары (05.2000-10.2000);

• "ҚазТрансОйл" Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы жабық акционерлік қоғамының баспасөз қызметінің басшысы (10.2000-01.2001);

• "ҚазТрансОйл" Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы жабық акционерлік қоғамының президент аппаратының басшысы (01.2001-06.2001);

• "Мұнай мен газ тасымалы" Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының аппарат басшысы (06.2001-03.2002). 

• "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының президент аппаратының басшысы (03.2002-01.2003);

• "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының бірінші вице-президент кеңесшісі (01.2003-03.2003);

• "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының президент аппаратының басшысы (01.2003-12.2003);

• "Рауан Медиа Групп" акционерлік қоғамының бас директоры (12.2003-05.2004);

• "Отан" Республикалық саяси партиясының орталық аппарат басшысының бірінші орынбасары (05.2004-08.2004);

• "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының президент аппаратының басшысы (08.2004-04.2005);

• "Атамекен жалпыұлттық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директорының бірінші орынбасары (04.2005-05.2006);

• "Отан" Республикалық саяси партиясының орталық аппарат басшысы (05.2006-02.2007);

• "Беркут" қаржы өнеркәсіп тобы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Астана қ. (02.2007-07.2007);

• "KazEnergy" Қазақстандық мұнайгаз және энергетикалық кешен ұйымдары қауымдастығының атқарушы директоры, Астана қ. (11.2007-04.2008);

• "Рауан Медиа Групп" АҚ-ның бас продюсері, Астана қ. (04.2008-05.2008);

• "Рауан Медиа Групп" АҚ-ның бас директоры, Астана қ. (05.2008-02.2009);

• "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, Семей қ. (02.2009-07.2010);

• Шығыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы (07.2010-09.2010);

• Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (09.2010-10.2012);

• Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары (10.2012-12.2014);

• Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі (12.2014-10.2016);

• Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы (10.2016-05.2018);

• Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы (05.2018-01.2019);

• Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (01.2019-01.2020);

• Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.2020-16.06.2023);

• 2023 жылғы 16 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі болған. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар