Тамара Дүйсенова лауазымды қызметін сақтап қалды

Тамара Дүйсенова лауазымды қызметін сақтап қалды
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Тамара Дүйсенова лауазымды қызметін сақтап қалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалсын", - деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Ол 2023 жылғы 2 қыркүйекте Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалған еді.

Ал бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.