"Айыптау актісі түсініксіз. Мен кінәні мойындамаймын. Прокурормен және жәбірленушілермен келісімге қол қоймаймын", – деді Ермегияев сот залында. Айта кетейік, прокурорлар айыптау қорытындысын оқыды. Іс бойынша 23 адам айыпталып жатыр. Олардың кейбірі айыптау қорытындысы оқылғаннан кейін кінәсін мойындады.
18 наурызда Астанада "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша басты сот отырысы басталған еді. Бұл істе 23 адам күдікке ілініп отыр. Олар істің 500 томымен танысып шығуы керек.
Зейнолла Абажанов