Талдықорған қаласындағы жағажай аумағынан ер адамның денесі табылды. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Оқиғадан кейін полиция тұрғындар мен қала қонақтарына су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертті.
«Шомылу кезінде алкогольді ішімдік ішпеңіздер, арнайы жабдықталмаған және қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген аумақтарда суға түспеңіздер. Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, өздеріңізге және жақындарыңызға абай болыңыздар», – делінген полиция хабарламасында.