Талдықорғанда өзінің басшысын атып өлтірген әскери қызметкер ұсталды

Dalanews 04 сәу. 2018 05:52 872

Талдықорғанда әріптесін атып өлтірді деген әскери қызметкер ұсталды. Бұл туралы ҚР бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетсек, жантүршігерлік атыс 31 наурыз күні сағат 8:00 шамасында болды.  Алматы облысы қорғаныс істері департаменті басшысының орынбасары Асқар Оспанов басшысы Бердібек Берістемовті атып тастаған.

“Қызметтік бөлмесінде Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Б.Б.Берістемов атып өлтірілді. Күдікті ретінде оның орынбасары подполковник А.С.Оспанов ұсталды”, — делінген бұл ретте ведомства хабарламасында.
Оқиғаға қатысты ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлімімен “Кісі өлтіру” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу амалдары басталып кетті.

Бұдан бұрын Талдықорғандағы әскери коммиссариат ғимаратында атыс болғаны, әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видеолар жарияланғаны туралы хабарланған болатын. 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар