Талдықорғанда 17 жыл іздеуде болған адам ұсталды

Сағыныш Сардарова 24 қаз. 2025 09:18

Жетісу облысында 17 жыл халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Құқық қорғау органдарынан ұзақ жыл бойы жасырынған 54 жастағы адам қолға түскен.

Деректерге сүйенсек, ер адам 2008 жылғы 15 мамырдан бастап есірткі қылмысымен айналысқаны үшін халықаралық іздеуде болған.

"Мұндай әрекет үшін 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ұсталған адамға қатысты полицейлер тиісті шара қолданып жатыр. Бұл іс бойынша барлық жайт тергеу барысында мұқият тексеріледі", - деді ІІМ өкілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар