Оған сәйкес, әскери қызметке шақырылмаған әрі әскери міндетін өтегісі келмейтін азаматтар ақы төлеп бір ай арнайы курсқа барып, әскери билет ала алады. Заң жобасын осы аптада парламенттің төменгі палатасы мақұлдаған.
Тәжікстанның қорғаныс министрі Шерали Мирзо «Точикистон» басылымына берген сұқбатында заңға президент қол қойып, күшіне енгеннен кейін, бұл мәселені реттейтін арнайы қызмет құрылатынын, ол үкімет құрамына кіретінін жеткізген.
Тәжікстанда жыл сайын 18 бен 27 жас аралығында 30 мыңға жуық ер адам әскерге шақырылады.