Тәжікстан ҰҚШҰ-мен келіссөздер жүргізгені туралы ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі республика шекарасындағы жағдайға байланысты әскери көмек туралы ҰҚШҰ-мен келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы БАҚ хабарламаларынан кейін мәлімдеме жасады.
Өз мәлімдемесінде Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Министрлік бұл жарияланым шындыққа сәйкес келмейтінін және мұндай жалған ақпаратты тарату халықаралық аудиторияны адастыратынын атап өтеді», - делінген министрлік хабарламасында.
Сондай-ақ, Тәжікстан үнемі мемлекеттік шекараны сенімді түрде нығайтуға қажет кешенді шараларды қабылдайтынын атап өтті.
«Мемлекеттік шекарадағы жағдай тұрақты және Тәжікстан Республикасының тиісті органдарының толық бақылауында», - деп қорытындылады республика Сыртқы істер министрлігі.
Еске салайық, бұған дейін Ауғанстанмен шекарада болған бірқатар оқиғалардан кейін Тәжікстан Ресей және ҰҚШҰ-мен келіссөздерді жандандыра бастағаны туралы ақпарат тараған болатын.
Бұл туралы Reuters агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады. Әңгіме жағдайды тұрақтандыру үшін қажет болатын әскери көмек жөнінде болған.
