Ұлттық қауіпсіздік комитеті 16 қарашада ҚР Бас прокуратурасымен бірігіп, Анталия қаласынан Алматыға халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікпен ҚР азаматын әкелді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тергеу материалына сәйкес, ол ертеректе Сирияға кетіп, қарулы топтардың біріне қосылған. Содан кейін Түркияға жетіп, сол жерде оны полиция органдарым ұстаған.
Оның өз еркімен Қазақстанға қайтып, заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын екені анықталды.
ҰҚК фигурантқа қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Ол сот санкциясымен қамауға алынды.
ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпаратты жария етпеді.