Шымкентте құбыр жүргізу кезінде екі бірдей жұмысшы қаза тапты

Шымкентте құбыр жүргізу кезінде екі бірдей жұмысшы қаза тапты
ашық дереккөз

Шымкентте құбыр жүргізу кезінде екі жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша 20-22 жастағы екі жұмысшы құдық ішінде зиян заттан уланып, көз жұмған.

Шымкент қаласы Полиция департаменті оқиғаның мән-жайы мен еңбек қауіпсіздігі талаптары сақталуына жауапты тұлғалар анықталып жатқанын хабарлады.

Полиция тергеу барысына қатысты өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.