Шымкентте құтқарушылар газ құбырындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бүгін 112 пультіне Еңбекші ауданындағы Қаратөбе тасжолында орналасқан газ құбырында газ тұтанғаны туралы хабарлама түскен. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жеткен.
Алғашқы бөлімшелер келген кезде жүк көлігі мен бұрғылау жабдығы жанып жатқан. Газ қызметі вентильді жауып, газ беруді тоқтатқан.
"ТЖМ бөлімшелері газ құбырын салқындатып, өртті сөндірді және жалынның жақын орналасқан тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді", - деп жазылған хабарламада.