Оқиға 23 қаңтарда күндізгі уақытта болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ақ жейде киген жігітті басқа студенттер ұстап қалып, аудиторияға кіргізбек болады. Алайда ол қарсыласып, ақыры секіріп кетеді.
Оқиға орнына келген полицейлер секіріп кеткен 2001 жылғы студент екенін анықтаған. Ол Ақмола облыстық жан сақтау бөліміне жеткізілді. Аурухана бас дәрігерінің орынбасары Дмитрий Чайковтың айтуынша, алтыншы қабаттан секіріп кеткен студенттің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.
https://www.youtube.com/watch?v=cvWXmE-Isew&feature=emb_logo