Солтүстік Қазақстан облысында саңырауқұлақ жеген 40 жастағы әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Науқастың айтуынша, ол шыбынжұт саңырауқұлағын пайдаланған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Әйел шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылып, оған белгісіз заттан жіті улану диагнозы қойылды. Дәрігерлер науқастан қосымша аурулар мен тәуелділік синдромы анықталғанын хабарлады.
Медицина қызметкерлері төрт күн бойы оның өмірі үшін күресті. Көрсетілген емнен кейін әйелдің жағдайы жақсарып, ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.