СҚО-да кран жоғары кернеулі электр желісіне тиіп, жүргізуші қаза тапты

СҚО-да кран жоғары кернеулі электр желісіне тиіп, жүргізуші қаза тапты
gov.kz

Петропавл қаласы маңындағы Бескөл ауылында жүк көлігіне орнатылған кран-манипулятормен жұмыс істеген жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ер адам құрылыс алаңында кірпіш тиелген паллеттерді түсіріп жатқан. Сол кезде кранның жебесі жоғары кернеулі электр сымдарына тиіп, көлік пен жүргізушіні тоқ ұрған. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Оның 31 жастағы ағасы көмекке ұмтылған. Ол да күйік алған. Зардап шеккен азамат аудандық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгенімен, ауруханаға жатудан бас тартқан.

Қазір құрылыс жұмыстары тоқтатылған. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.