Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында тұрмыстық жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды. 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап, зейнеткер оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полицияның мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.