Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданындағы Дубровное ауылында элеваторда жұмыс істеген екі адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиға кезінде 1983 жылы туған 43 жастағы жұмысшының екі аяғы жарақаттанған. Ол сол жақ жіліншіктің екі сүйегінен ашық сынып, оң аяғының шыбық сүйегі ашық сынған. Жұмысшыға ота жасалды.
Оның 41 жастағы әріптесі көмекке ұмтылған кезде, элеватор механизмі оны да жарақаттаған. Ер адамның білегіндегі екі сүйек те ашық әрі ауыр сынғандықтан, дәрігерлер оң қолын шынтақтан төмен ампутациялап, тұқылын қалыптастыруға мәжбүр болды.
Қазір екі жұмысшы да аудандық ауруханада жатыр. Олардың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр.
Оқиғаға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдары жұмысшылардың жарақат алуына не себеп болғанын және өндірістік аумақта қауіпсіздік талаптарының сақталған-сақталмағанын анықтайды.