Абай ауылының тұрғыны Жансәт Сейітов «Бір тастың ұшы шығып ерекше көрінді. Ауыл азаматтары жабылып көтеріп едік, жан-жағынан суреттер шыға бастады. Сонымен ол тасты бөлек қойдық. Дәл сол маңайдан тағы бір тас көрінді. Ол да жерден 3-4 см шығып тұр екен. Көтеріп едік, ол да қозғалмады. Абайлап қарасақ екінші бетінде суреті бар екен. Бізге оларды алу қызық болды», - дейді.
Табылған жәдігерді аудан әкімі С. Полатов арнайы барып көріп, ерекше қорғауды тапсырды. Көне тас мұражай қызметкерлерінің қызығушылығын тудырып отыр. Олардың сөзінше, балбалтастар ежелгі түркі дәуіріне тән. Терең тарихтан сыр шертер құнды дүниені ғалымдар зерттеуге мүдделі. Балбал тас аудандық С. Қожанов атындағы мұражайда сақталатын болды.