Цой Жаңа жылды дүркіретіп тойламауға кеңес берді

Dalanews 10 жел. 2021 02:15 953

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ел азаматтарына Жаңа жылдық кешті отбасында өткізуге кеңес берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Жаңа жыл отбасылық мереке болғандықтан, оны отбасымен бірге өткізуге кеңес береміз. Вирус ешқайда кетіп қалған жоқ, сондықтан мүмкіндігінше аз өткізген жөн. Өкінішке орай, ауру тарап жатыр, ауру жұқтырғандар мен қайтыс болғандар анықталып жатыр, сол себепті өзіңізді қорғап, отбасымен бірге көбірек болу керек, – дейді Цой.

Министр корпоратив, ауқымды іс-шараларды өткізбеуге шақырды.

– Адамдар бір жерде жиналса да, адам санына қатысты арнайы талаптар бар. Бұл аурудың жаппай таралуын шектеу үшін қажет, – деді ол.


Ол сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігінде жаңа жылдық корпоратив болмайтынын мәлімдеді.

– Біз қазір шараларда арақашықтық сақтауға болатын кей конференцияны қоспағанда ауқымды іс-шаралар өткізбейміз, – деді Алексей Цой.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар