"Соңғы жылдары ел ішінде қара киініп, тұмшаланып жүретін адамдар пайда болды" - Президент

Сағыныш Сардарова 15 нау. 2024 15:47 1623

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайда ұлттық киім мәселесіне мән берді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Көрісу күнінен басталатын мейрам кезінде әр күннің өз атауы болады. Соның бірі Ұлттық киім күні деп аталады. Басқа жұрт қазақты киімінен танитын болуы керек. Мен былтыр ауызашар берген кезде осы мәселеге арнайы тоқталдым. Кейбір ірі компаниялар мен оқу орындары ұлттық нақышта киіну үрдісін енгізіп жатыр. Бұл – өте орынды бастама, оны қолдап, ауқымын кеңейте түскен жөн.

Әсіресе, қазіргі таңда мұндай қадамдардың мән-маңызы айрықша. Себебі соңғы жылдары ел ішінде қара киініп, тұмшаланып жүретін адамдар пайда болғаны баршаңызға мәлім. Олар – бөтен емес, өз азаматтарымыз.

Халқымыздың дүниетанымында қара киініп жүру деген атымен болмаған. Бұл – еліктеушіліктен, әсіре-діншілдіктен туған үрдіс. Біз салт-дәстүрімізден ажырамауымыз керек", - деді Президент.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар