Солтүстік Кипрде болған оқиға салдарынан зардап шеккен әйелдің Қазақстанда туғаны анықталғанымен, ол Қазақстанның емес, Қырғызстанның азаматы болып шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, оқиғадан кейін жүргізілген нақтылау жұмыстары барысында зардап шеккен әйелдің Қырғыз Республикасының азаматы екені анықталған.
«Солтүстік Кипрдегі оқиға салдарынан зардап шеккен тұлғаға қатысты мәліметтер нақтыланды. Қазақстанда туған әйелдің Қырғыз Республикасының азаматы екені анықталды», – деп хабарлады ведомство.
Бұған дейін Солтүстік Кипрдегі супермаркеттердің бірінде ер адам белгісіз себеппен әйелге пышақпен шабуыл жасап, кейін өзіне де жарақат салғаны хабарланған болатын. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізіліп, оқиға бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Алғашқы ақпараттарда зардап шеккен әйел Қазақстан азаматы ретінде көрсетілген еді. Кейін бұл ақпарат Сыртқы істер министрлігі тарапынан нақтыланды.