"Сөйлей алмай қалдым": Сәрсемәлиевтің әкесі баласымен кездескен сәтін айтты

"Сөйлей алмай қалдым": Сәрсемәлиевтің әкесі баласымен кездескен сәтін айтты
Alash.kz коллажы

Атыраудағы қайғылы оқиғаға қатысты айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі Самиғолла Сәрсемәлиев журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ол тілшілерге баласымен қысқа уақытқа ғана кездескенін айтты. Әкесінің сөзінше, кездесу бар болғаны бірнеше минутқа созылған.

"Көрдік. Кездесу ұйымдастырды. Кіріп шықтық. Болды. 5 минут қана. Айтатын сөз де болған жоқ. Не айтып, не қойғанымыз есімде де жоқ. Сөйлей де алмай қалдым. Әлі белгісіз ештеңе. Сот болған жоқ", – деді Самиғолла Сәрсемәлиев.