Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавро мәлім етті.
– Әзірбайжан және Армения республикалары Минсктің ЕҚЫҰ-ның өкілдерінің куәгерлігіміен бейбітшілік жағдайына көшу үшін келісімге келу туралы шешім қабылдады, – деді ресейлік министр.
Баку мен Ереван Қарабақтағы соғыс іс-қималдары тоқтағаннан кейін тұтқындар мен көз жұмғандармен алмасуға келісті.
Ресейде, Армения және Әзербайжанның сыртқы істер министрлері Сергей Лавров, Зохраб Мнацаканян және Джейхун Байрамовтың Мәскеуде Таулы Қарабақтағы жағдай бойынша келіссөздері аяқталды, кеңесу 10 сағаттан аса уақытқа созылды.
Кездесу толығымен жабық форматта өтті, келіссөздер басталғанға дейін тараптар мәлімдеме жасаған жоқ. Еске салайық, Қарабақтағы екі ел арасындағы қақтығыстар 27 қыркүйекте басталған еді.