Щучинсктегі трагедия: марқұмдар кімдер екені айтылды

Сағыныш Сардарова 27 ақп. 2026 11:55

Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты дәмханада газ ауа қоспасы жарылып, өрт шықты. Жарылыстан қаза тапқандар кімдер екені белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, қайғылы оқиға салдарынан алты қызметкер қаза тапқан. Қаза тапқан 16 жастағы қыз туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін барлығы 26 адам зардап шеккені, соның ішінде 7 адам қаза тапқаны (оның бірі - 16 жастағы қыз) хабарланды. 13 адам Бурабай аудандық ауруханасына, 6 адам амбулаториялық бақылауға жіберілген.

Зардап шеккен бес адам ТЖМ реанимобилімен Көкшетау қаласына жеткізілген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove