Сонымен қатар, сайлаушылар саны ең көп учаскелерде халық үшін медициналық пункттер ұйымдастырылған, онда әркім қан қысымын, қандағы қант мөлшерін өлшей алады.
Айта кету керек, барлығы 505 сайлау учаскесінде 3000-ға жуық іс-шара өткізу жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңғы сағат 7.00-де Шығыс Қазақстанда дауыс беруге арналған 537 учаске жұмыс істей бастады. Өңірдің 500 мыңға жуық азаматы сайлау құқығына ие.